Профессор Альберт Фишлер ҚазҰУ-да лекция оқиды — ҚазҰУ

91ý

Профессор Альберт Фишлер ҚазҰУ-да лекция оқиды

5 қыркүйек 2012
Профессор Альберт Фишлер ҚазҰУ-да лекция оқиды

17 – 19 қыркүйек аралығында (сағат11.00-13.00, №15 аудиторияда) Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен Франциялық ғалым, құрметті профессор, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері Альберт Фишлер «VI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі Орталық Азиядағы отырықшы және көшпелі халықтардың кездесуі», «Ортағасырлық түркі дүниесінің екі көрнекті интеллектуалы – әл-Фараби және Иасауи», «Дала: айырмашылықтар мен ұқсастықтар мекені, Қазақстан мысалында» тақырыптары бойынша дәріс оқиды. Қызығушылық білдіретін ұстаздар мен студенттердің баршасына есік ашық! Келіңіздер!