Инновациялық бизнес жобалардың іріктемесі — ҚазҰУ

91ý

Инновациялық бизнес жобалардың іріктемесі

19 қыркүйек 2013
Инновациялық бизнес жобалардың іріктемесі

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркте қалалық әкімшілік пен түрлі басқармалардың қолдауына ие болу мақсатында студенттердің инновациялық бизнес жобаларының алдын-ала іріктемесі өтікізілді.


Жобалардың іріктемесіне Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының бастығы Санжар Боқаев қатысты. Комиссия шешімімен «Плазмалық стерилизатор», «Мобильді төмен температуралы стабилизатордың тәжірибелік үлгісін жасау және конструкциясын дайындау», «Тұрмыста қолданылатын глауонит негізіндегі су тазарту фильтрлерін жасау», «Ұшқышсыз ұша алатын аппарат жасау» және т.с.с. жалпы 7 инновациялық бизнес жоба іріктелді.