ҚазҰУ-да Азия халықаралық университетіне арналған біліктілік курсы өтуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Азия халықаралық университетінің өкілдеріне арналған оқыту курсының офлайн кезеңі өтуде. Бұл шара «Халықаралық ынтымақтастық: білім мен ғылымды интеграциялау» бірлескен бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Бағдарлама қатысушылары білім мен ғылым саласында өзара тәжірибе алмасады. Мұнда жоғары білім беруді дамытудың заманауи тәсілдері мен оқытудың жаңа әдістемелеріне ерекше назар аударылған.
Іс-шараны ашқан педагогика ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Зухра Сәдуақасова академиялық мобильділіктің маңыздылығын және университеттер арасындағы серіктестікті нығайтудың мәнін атап өтті.

Өз кезегінде Азия халықаралық университеті делегациясының атынан педагогика ғылымдары бойынша философия докторы, профессор Темур Олимов сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді және оқыту курсының жоғары деңгейде өтіп жатқанын тілге тиек етті.

Курс барысында оқытушылар кәсіби пікірталастарға қатысып, тәжірибе бөлісіп, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін талқылауда.

Оқыту аяқталған соң, қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі