II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді — ҚазҰУ

91ý

II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

28 наурыз 2014
II Бекхожин оқулары  аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған  республикалык конференциясы және  студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

25 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) II Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.


ылыми форумда ұлттық баспасөз тарихына арналған ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ теле-радио және жаңа медиалық жобаларға жарияланған байқау жеңімпаздарының жұмыстары іріктеуден өткізіледі. Байқау ең үздік ғылыми жұмыс, ең үздік тележоба, ең үздік радиобағдарлама, Қ.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба номинациялары бойынша өтеді.

Байқау жеңімпаздарына Қазақстан ұлттық журналистикасы ғылымы мен білімінің негізін салушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хайыржан Нұрғожаұлы Бекхожин атындағы арнайы стипендиялар тағайындалып, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, профессор Т. Қожакеев атындағы Акті залы /230 ауд/.

Ұйымдастырушылар: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева

тел.: комм. 377 33 38 ішкі 13-51; моб: +77011527488

эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru;

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент Майкотова Ғалия Тілеубергенқызы

тел.: комм. 377 33 38 қосу 13-51; моб: +77027444702

эл-пошта:dzٴDZ.040571.

Ереже Бекхожин оқулары.docx

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы