Жансүгірова Лейла Болатқызымен деректі фильм түсірілімі — ҚазҰУ

91ý

Жансүгірова Лейла Болатқызымен деректі фильм түсірілімі

17 қазан 2023
Жансүгірова Лейла Болатқызымен деректі фильм түсірілімі

Бүгін 17 қазан биология және биотехнология факультетінің базасында ресейлік режиссер Евгений Безбородовтың "Предки наших предков" деректі фильмінің түсірілімі өтті. Түсірілім тобы молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, республикамыздың  жетекші генетигі, құнды археологиялық материалды зерттеуге бағытталған "Палеогенетика және этногеномика орталығының" жетекшісі Жансүгірова Лейла Болатқызынан сұхбат алу үшін Мәскеуден арнайы ұшып келді. Жансүгірова Л.Б. командасымен жүргізген қазақтардың генетикалық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері "Science", "Nature", "Frontiers in Genetics" сияқты журналдарда және басқа да рейтингтік басылымдарда жарияланды.

Сұхбат Қазақстан аумағындағы Алтын адамның және басқа да осыған ұқсас олжалардың тарихына арналды. Фильм "Ресей - Мәдениет"телеарнасында көрсетіледі.