Жеке өсу және тұрақты даму мақсаттары — ҚазҰУ

91ý

Жеке өсу және тұрақты даму мақсаттары

21 қараша 2023
Жеке өсу және тұрақты даму мақсаттары

2023 жылғы 21 қарашада Логистика мамандығының 1 курс студенттері ТДМ мақсаттары – сапалы білім беру, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, жауапты тұтыну және өндіріс шеңберінде "Жеке өсу және тұрақты даму мақсаттары" тақырыбында мастер-класс тыңдады. Алматы қаласы Әуежай жобасы басқармасы департаментінің басшысы Қонысбай Айдар Қайратұлы шеберлік сыныбын өткізді. Кездесуде білім беру, өзін-өзі дамыту, эмоционалды даму және құндылық қатынастары мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы: экономика ғылымдарының докторы, доцент Айтбембетова Аида Бегалықызы.