Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ғылыми жетістіктерінің көрмесі — ҚазҰУ

91ý

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ғылыми жетістіктерінің көрмесі

29 қараша 2023
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ғылыми жетістіктерінің көрмесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 2023 жылдың 8 қыркүйегінде заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және кримининалистика кафедрасында «BOOKazNU танысу: оқыған кітабыңды оқу және бөлісу мүмкіндігі» атты бұрышы ашылды!
Осы бұрышта қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ғылыми жетістіктерінің көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми саладағы ғылыми жетістіктерін айқын көрсету. ылыми жұмыстар монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ ғылыми конференциялар материалдары түрінде ұсынылды. Көрме студенттерге мұғалімдердің атқарған жұмыстарымен таныстыруға бағытталды.