Білім беру мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

91ý

Білім беру мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

29 сәуір 2015
Білім беру мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының және Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастыруымен «Білім беру: мәдениаралық қарым-қатынас және академиялық ұтқырлық» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Шараның негізгі мақсаты – университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, тығыз байланыс жасау, оның ішінде: академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар ұйымдастыру және т.б. келелі мәселелер.

Дөңгелек үстелге Канада, Турция, Қырғызстан, Араб Әмірліктерінен бірқатар ғалымдар қатысты.

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы