Рухани келісім күніне орай кураторлық сағат — ҚазҰУ

91ý

Рухани келісім күніне орай кураторлық сағат

18 қазан 2023
Рухани келісім күніне орай кураторлық сағат

 

 

18-қазан күні елімізде рухани келісім күні атап өтілді. Осы атаулы күнге орай 5-сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс куратор-эдвайзері Кудайбергенов Сергазы Ережепулының ұйымдастыруымен кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта Қазақстан Республикасы-әрбір адамның сенім бостандығына құқығын құрметтейтін, азаматтардың дініне қарамастан олардың тең құқығына кепілдік беретін, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани мұрасымен ұштасатын діндердің мәдени және тарихи құндылығын, конфессияаралық келісімнің маңыздылығын, діни төзімділік пен діни нанымдарды құрметтеуді мойындайтын мемлекет екені айтылды.