Мұхтар Әуезов музей-үйінде — ҚазҰУ

91ý

Мұхтар Әуезов музей-үйінде

6 қараша 2015
Мұхтар Әуезов музей-үйінде

Студенттер музейдегі эскпонаттармен танысып, музей қызметкерлерімен сұхбаттасып, олардан атақты жазушы өмірінің кейбір өздері білмейтін қырларымен танысты.

Жалпы, музей экспонаттары жазушы өмірінің әр кезеңінен сыр шертеді. Студенттер олар арқылы біраз мәліметтер алды. Олар жазушының Ташкент мемлекеттік университетінде өздері секілді шығыстану факультетінде дәріс алғанын білгенде таң қалды. Студенттердің кеудесінде болашақ мамандықтарына деген мақтаныш сезім ұялады.