ЖРВИ-дің алдын алу — ҚазҰУ

91ý

ЖРВИ-дің алдын алу

24 қазан 2024
ЖРВИ-дің алдын алу

БҰҰ қабылдаған ТДМ-ді түсіндіру және насихаттау аясында, 3-мақсатқа сәйкес “Барлық жастағы адамдардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатын қолдау” бойынша “Жалпы медицина” мамандығының 24-01 тобының студенттері және Шукешева С.Е., Аралбаева А.Н. оқытушыларының жетекшілігімен “ЖРВИ-дің алдын алу” акциясын өткізді. Акция барысында студенттер ЖРВИ мен тұмаудың табиғаты мен ағымы туралы түсініктеме беріп, уақтылы алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, студенттер мен оқытушыларға қолдарын антисептикпен өңдеуді ұсынды және денсаулық тілектерімен маскалар таратты.