ТДМ-2: №10 студенттер үйінде «Қымыз party» ұйымдастырылды — ҚазҰУ

91ý

ТДМ-2: №10 студенттер үйінде «Қымыз party» ұйымдастырылды

15 қазан 2024
ТДМ-2: №10 студенттер үйінде «Қымыз party» ұйымдастырылды

Университетте Тарих факультетінің №10 Студенттер үйінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қымыз party» шарасы өтті. Бұл шараға оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы қатысып, қымыздан дәм татып, жатақханада тұратын студенттерге өздерінің ақыл-кеңестерін айтты. Іс-шараға келушілерге тек қымыз ғана емес, ұлттық тағамдарымыз да ұсынылды.