ХҚФ-де Мұқағали Мақатаев оқулары өтті — ҚазҰУ

91ý

ХҚФ-де Мұқағали Мақатаев оқулары өтті

19 ақпан 2025
ХҚФ-де Мұқағали Мақатаев оқулары өтті

9 ақпан күні Халықаралық қатынастар факультетінде Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шараға ақынның мұрасын құрметтейтін алматылық қонақтар – Болат, Абдрахман және Айдын шақырылды.

Қонақтар студенттермен еркін форматта сұхбат өткізіп, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректермен бөлісті. Әсіресе, Болат ағайымыз Ақынның өз қолынан алған кітаптарын көрсетіп, тың естеліктерімен бөліскен сәті ерекше әсер қалдырды.

Кеш барысында біздің студенттер де өз өнерлерін көрсетіп, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, ақынға арналған арнау жырларын ұсынды. Бұл шара студенттер үшін үлкен рухани әсер қалдырып, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін одан әрі арттыра түсті.