Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды

19 наурыз 2025
Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды

 

2025 жыл 19 наурызда Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Ренессанс мәдениеті" пәні бойынша педагогикалық тәжірибе шеңберінде «Мәдениеттану» мамандығының 1-курс студенттері Падуа университетінің магистранты Валентина Замбонмен кездесті.

Кездесу барысында студенттер Ренессанстың отанынан келген қонақтан Ренессанс мәдениетіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми және танымдық пікір алмасты. Бұл шара студенттердің мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, академиялық тәжірибе алмасуға және жаһандық көзқарастарын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: PhD, аға оқытушы Каупенбаева С.М., 1-курс докторанты Жұбанышов А.Ш.