- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары Алматы қорығы аумағында Сиверс алмасының топырағына морфологиялық талдау жүргізді
ҚазҰУ ғалымдары Алматы қорығы аумағында Сиверс алмасының топырағына морфологиялық талдау жүргізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдары — б.ғ.к., доцент Шимшиков Б.Е., б.ғ.к., доцент Мұқанова Г.А., аға оқытушы Ошақбай А.А. және Алматы мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерімен бірлесіп, Сиверс алмасы өсетін аумақтардағы топыраққа морфологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу барысында топырақ кескіндері салынып, оның морфологиялық ерекшеліктері — генетикалық қабаттарының қалыңдығы, түсі, құрылымы, тығыздығы, ылғалдылығы, тамырлардың таралуы және карбонаттардың болуы анықталды. Далалық зерттеу жұмыстары Сиверс алмасының табиғи өсу ортасының топырақтық жағдайын бағалауға және экожүйенің ерекшеліктерін кешенді зерттеуге бағытталды.

Бұл зерттеу нәтижелері Сиверс алмасының табиғи таралу аймақтарындағы топырақ түзілу процестерін тереңірек түсінуге, биоалуантүрлілікті сақтауға және сирек кездесетін жабайы жеміс ағаштарын қорғау шараларын ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар