ҚазҰУ-де «Сәтсіздік пен жетістік тарихтары: ештеңеге қарамастан әлемді өзгерткен ғалымдар» тақырыбында кездесу өтті. — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-де «Сәтсіздік пен жетістік тарихтары: ештеңеге қарамастан әлемді өзгерткен ғалымдар» тақырыбында кездесу өтті.

29 наурыз 2025
ҚазҰУ-де «Сәтсіздік пен жетістік тарихтары: ештеңеге қарамастан әлемді өзгерткен ғалымдар» тақырыбында кездесу өтті.

Farabi Journal of Social Sciences ғылыми журналының ғылыми редакторы Нұрғазы Шыңғыс және ылыми студенттік ұйымның төрайымы Лис Валерия студенттермен «Сәтсіздік пен жетістік тарихтары: ештеңеге қарамастан әлемді өзгерткен ғалымдар» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында әлемдік ғылымға айтарлықтай үлес қосқан, бірақ өз жолында көптеген қиындықтарға тап болған ғалымдардың өмір жолдары талқыланды. Студенттер табандылық, ғылыми ізденіс және жаңашыл ойлау туралы қызықты әңгімелер тыңдап, өз сұрақтарын қойды.

Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (SDGs) сапалы білім беру (№4), инновациялар мен инфрақұрылымды дамыту (№9) және серіктестік (№17) сияқты бағыттарына сәйкес келеді.