- Басты бет
- Жаңалықтар
- Математика мамандығының 22-6 тобының студенттері факультет ғимаратының алдына ағаш отырғызды
Математика мамандығының 22-6 тобының студенттері факультет ғимаратының алдына ағаш отырғызды
Көктемнің келуіне орай жне экологиялық бастамалар аясында "Математика" мамандығының 22-6 тобының студенттері (топ кураторы – Султангазиева Ж.) механика-математика факультетінің алдында ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды.
Студенттер бірлесе отырып, факультет ғимаратының алдына бірнеше жас көшеттер отырғызды. Бұл идея студенттердің оқу үдерісінен тыс кездесуінде көтеріліп, оқытушылар мен факультет әкімшілігінің қолдауына ие болды. Студенттердің айтуынша, мұндай шаралар аумақты көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулиды.
Қатысушылардың пікірінше, ағаш отырғызу – болашаққа, климатқа жне ортақ үйіміз – Жер планетасына қамқорлықтың символдық қадамы болып табылады.
Бұл бастама студенттердің 13-мақсат — Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жне 15-мақсат — Құрлық экожүйелерін сақтау атты Тұрақты даму мақсаттарына қосқан нақты үлесі болып саналады. Ағаш отырғызу ауа ластануымен күресуге, микроклиматты жақсартуға жне тұрақты қалалық экожүйелердің дамуына ықпал етеді.


Иманбердиев Канжарбек,
Математика кафедрасының меңгерушісі
Мухамбеткалиев Мурат,
Математика кафедрасының оқытушысы
Басқа жаңалықтар