Математикалық және компьютерлік модельдеу бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті — ҚазҰУ

91ý

Математикалық және компьютерлік модельдеу бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті

11 сәуір 2025
Математикалық және компьютерлік модельдеу бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті

Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің "Математикалық және компьютерлік модельдеу" кафедрасындағы бакалавриат (6B06105) және магистратура (7M06106) бағдарламалары Орталық-Азия Аккредиттау Ассоциациясы (САААЕ) шешімі бойынша 7 жыл мерзімге толық аккредиттеу алды.

Бұл шешім бағдарламалардың білім беру сапасының халықаралық стандарттарға сай келетіндігін растайды және факультеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетінің жоғарылығын көрсетеді.

Аккредиттеу – білім беру сапасының сенімділігін және болашақ мамандарды дайындаудағы жетістіктерді растайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.

Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі
Абайұлы Тұрмұханбет,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты