- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-3 аясында «ДДҰ негіздемелік конвенциясы: Темекіге қарсы күрестегі қиындықтар, табыстар жне жаңа қадамдар» тақырыбында кураторлық сағат өтті
ТДМ-3 аясында «ДДҰ негіздемелік конвенциясы: Темекіге қарсы күрестегі қиындықтар, табыстар жне жаңа қадамдар» тақырыбында кураторлық сағат өтті
2025 жылғы 24 қыркүйекте ҚР ҒЖБМ ҒК Генетика жне физиология институтының базасында Биофизика, биомедицина жне нейроғылым кафедрасының «Биомедицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне эдвайзер М.Ә. Есенованың жетекшілігімен ДДҰ негіздемелік конвенциясы аясында «Темекіге қарсы күрестегі қиындықтар, табыстар жне жаңа қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттерге темекі шегудің зияны, ДДҰ-ның темекіге қарсы күрестегі негізгі бағыттары түсіндірілді. Әсіресе жастар арасында электронды темекі мен вейптің кең таралуы, оның денсаулыққа қауіптері талқыланды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда шектеулер енгізу, қораптардағы ескертулер мен бағаның өсуі сияқты табысты қадамдар айтылды. Алдағы уақытта леуметтік желілердегі жарнаманы шектеу жне жастар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттілігі ерекше аталып өтті.
Студенттер белсенді пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Бұл дөңгелек үстел олардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырып, темекіге қарсы күрестің маңызын терең түсінуге ықпал етті.
Іс-шара студенттердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына, зиянды әдеттерден аулақ болуына жне салауатты қоғам құруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар