Электроника жне астрофизика кафедрасының студенттерінің Almaty Museum of Arts мұражайына баруы. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы білім беру» мақсатын іске асыруға ықпал етеді. — ҚазҰУ

91ý

Электроника жне астрофизика кафедрасының студенттерінің Almaty Museum of Arts мұражайына баруы. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы білім беру» мақсатын іске асыруға ықпал етеді.

29 қыркүйек 2025
Электроника жне астрофизика кафедрасының студенттерінің Almaty Museum of Arts мұражайына баруы. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы білім беру» мақсатын іске асыруға ықпал етеді.

2025 жылғы 18 қыркүйекте сыныптан тыс білім беру іс-шарасы аясында «Физика жне астрономия» мамандығының 3-курс студенттері мен 1-курс магистранттары кешкі уақытта Almaty Museum of Arts мұражайына барды. Топқа Электроника жне астрофизика кафедрасының оқытушысы Надежда Вайдман жетекшілік етті.

Мұражайдың негізін қалаған коллекционер жне меценат Нұрлан Смағұлов, ол елімізде алғаш рет осындай кеңістік ашты. Мұражай жақында ғана ашылып, біздің сапар студенттерге экспозициялармен алғашқылардың бірі болып танысуға мүмкіндік берді.

Бірінші қабатта студенттер «Ұлы дала» жне «Сарыарқа» залдарын аралап, онда Алмагүл Менлибаеваның «Мен бәрін түсінемін» атты ретроспективасымен жне &ܴ;Қонақтар&ܴ; көрмесімен танысты. Ерекше әсер қалдырған бөлімдердің бірі — Ричард Серраның ауқымды лабиринт түріндегі инсталляциясы ұсынылған шығармашылық залы болды.

Екінші қабатта студенттер заманауи өнердің әлемдік жұлдыздары — Ансельм Кифер, Билл Виола жне Яёи Кусаманың туындыларымен танысты. Жарқын әрі иммерсивті жұмыстар студенттердің шынайы эмоцияларын тудырып, қызу пікірталастарға себеп болды.

Мұражай коллекциясында 700-ден астам шығарма бар, оған ХХ ғасырдағы қазақстандық шеберлердің туындылары да, Қазақстан, Орталық Азия жне шетелдің заманауи авторларының еңбектері де кіреді.

Бұл сапар студенттер үшін маңызды мәдени оқиға болды: олар дүниетанымдарын кеңейтіп, заманауи көркемдік өрнектермен жақынырақ танысып, тұтас ғылыми-гуманитарлық дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ететін тәжірибе жинақтады.                                                        Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы білім беру» мақсатын іске асыруға ықпал етеді. Ол тұлғаның жан-жақты дамуына, шығармашылық жне мәдени құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің жаһандық көзқарасын жне пәнаралық оқу тәсілін дамытуға бағытталған.