Ақпараттық жүйелер кафедрасы жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды — ҚазҰУ

91ý

Ақпараттық жүйелер кафедрасы жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды

1 қазан 2025
Ақпараттық жүйелер кафедрасы жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды

Құрметті жоғары білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаздық – ұлы әрі мәртебелі мамандық. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен өлшеусіз еңбектің арқасында еліміздің болашағы саналатын жастар білім нәрімен сусындап, ғылым жолында жетістіктерге жетіп келеді.
Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің құрметіне бөленуді тілейміз!

Аса құрметпен, Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұжымы