«Цифрлық трансформация жағдайындағы ЖИ және мансап» атты кездесу өтті — ҚазҰУ

91ý

«Цифрлық трансформация жағдайындағы ЖИ және мансап» атты кездесу өтті

3 қазан 2025
«Цифрлық трансформация жағдайындағы ЖИ және мансап» атты кездесу өтті

2025 жылғы 3 қазанда «Цифрлық трансформация жағдайындағы Жасанды интеллект және мансап» тақырыбында 3-курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – Сапалы білім аясында ұйымдастырылды.

 

Кездесуге «6В11301 – Логистика (салалар бойынша)» мамандығының түлегі Мурат Нурдаулет арнайы шақырылды. Ол NetCars және Meras Group сияқты ірі компанияларда логист болып жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

 

Сондай-ақ, жасанды интеллекттің логистика саласына әсері туралы айтып, заманауи технологиялар деректерді талдау мен процестерді оңтайландыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Баймуханбетова Э.Е., Төлебаева Н.Т.