ҚазҰУ ФТТиТНМ кафедрасының оқытушылары жану, плазмохимия жне наноматериалдар бойынша XVI Халықаралық симпозиумға қатысты. ЦУР 7 жне ЦУР 13 — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ ФТТиТНМ кафедрасының оқытушылары жану, плазмохимия жне наноматериалдар бойынша XVI Халықаралық симпозиумға қатысты. ЦУР 7 жне ЦУР 13

2 қазан 2025
ҚазҰУ ФТТиТНМ кафедрасының оқытушылары жану, плазмохимия жне наноматериалдар бойынша XVI Халықаралық симпозиумға қатысты. ЦУР 7 жне ЦУР 13

2025 жылғы 1–3 қазан аралығында Алматы қаласында «Combustion and Plasma Chemistry. Physics and Chemistry of Carbon and Nanoenergetic Materials» тақырыбындағы XVI Халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны Жану проблемалары институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жне Қазақстан-Британ техникалық университеті ұйымдастырды.
Симпозиумға Қазақстан, Ресей, Қытай, Израиль, Өзбекстан жне өзге де елдердің жетекші ғалымдары қатысты. 150-ден астам қатысушы жану, плазмохимия, көміртекті жне наноэнергетикалық материалдар саласындағы жаңа зерттеу нәтижелерін ұсынды.

ҚазҰУ-дың Физика-техникалық факультетінің Қатты дене физикасы жне жаңа материалдар технологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы нанотехнология, функционалды жне энергетикалық материалдар бойынша баяндамалар мен постерлік хабарламалар жасады.

2 қазан 2025 жылы ҚазҰУ-дың ылыми кітапханасында өткен «Plasma Chemistry and Nanomaterials» секциясында ФТТиТНМ кафедрасының доценті Олег Юрьевич Приходьконың баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.
Possibility of the ion-plasma sputtering method for obtaining amorphous phase-transition GST films modified with nitrogen” тақырыбындағы жұмыста зерттеуші азотпен модификацияланған фазалық ауысымды Ge-Sb-Te жұқа үлдірлерін энергия тиімді жаңа буын жад элементтерінде қолдану бойынша нәтижелерін ұсынды.

Кафедра оқытушыларының осындай беделді халықаралық ғылыми алаңға қатысуы ҚазҰУ-дың наноматериалдар мен жоғары технологиялар саласындағы беделін нығайтып қана қоймай, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) жетуге үлес қосады:

  • ЦУР 7 – Қолжетімді әрі таза энергия: энергияны сақтау жне сутек энергетикасын дамытуға арналған жаңа көміртекті жне гибридті материалдарды зерттеу;

  • ЦУР 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес: өнеркәсіп пен энергетикаға арналған энергия тиімді жне төмен көміртекті технологиялық шешімдерді енгізу.

Бұл қатысу факультеттің халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға жне экологиялық тұрақты инновацияларды ілгерілетуге қосқан үлесін айқындайды.