Мейірім мен қамқорлыққа толы игі іс
8 қазан 2025
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға жне барша адамзат үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық бастама.
2030 жылға дейін жүзеге асырылатын 17 негізгі бағыттың бірі – ТДМ 4 “Сапалы білім беру” жне ТДМ 10 “Теңсіздікті азайту”, қоғамның тұрақты дамуы мен әр адамның өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
Осы мақсаттарға қолдау білдіре отырып, 2025 жылдың 7 қазанында Физика-техникалық факультетінің Жылуфизика жне техникалық физика кафедрасының докторанттары №6 арнайы мектеп-интернатқа (зияттық дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат) барды. Балалардың оқуына жне бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында мектепке теледидар сыйға тартылды.
Бұл игі іс балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың әлеуметтік бейімделуіне де ықпал етті.
Кафедра ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық жне әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Біз балаларға қолдау көрсету – қоғамның болашағына қолдау көрсету деп сенеміз.
Басқа жаңалықтар
23 маусым 2026
23 маусым 2026