ҚазҰУ студенттері «Хабарда» еңбек еткен телевизия майталмандарымен кездесті
ТДМ 17-мақсат (Тұрақты даму мақсатындағы ріптестік) аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің шығармашылық өкілдерімен кездесуі дстүрге айналған. Болашақ журналистер телехикая саласында еңбек етіп, көрерменге ойлы дүниелер ұсынып жүрген тжірибелі мамандармен кездесті.
Сабақтастық қай салада да маңызды. Алдыңғы буынның тжірибесі жастарға таптырмас мектеп. Кездесуде студенттер «Хабар» телеарнасында талай жыл еңбек еткен телевизияның майталмандары Арман Сқабылұлы, Қайнар Олжай, Серік Жанболат, Серік Абас-Шахтың шығармашылық жолдарымен танысып, телеөнім жасау бойынша кеңестерін тыңдады. Мысалы, Арман Сқабылұлы телехикаяға сценарий жазып, продюсерлік етудің қыр-сырымен бөлісті.
Арман Сқабылұлы, ардагер журналист, продюсер:
-Мына жерде телехикаяның шеберлері отыр. Бұл жй ғана кездесу емес. Журналистика факультетінде телевизиядағы телехиякаялар мселесі соңғы кезде қолға алына бастапты. Ұстаздар келіп жатыр екен. Өздеріңіз білесіздер, бұрыннан телехикая түсірілгелі қаншама жылдар болды, бірақ маман дайындалмайтын журфакта. Негізінен Жүргенов академиясын бітіргендер, не болмаса басқа жақтан келгендер дайындайтын.
Журналистика факультетінде кино&медиа мамандығы бойынша қазір 221 студент білім алуда. Олар кино тарихы, кинорецензия, кинодраматургия бағыттарын меңгеруде. Отандық киноиндустрияны дамытып, кино жне медиа саласында заманауи креативті өнімді жасау үшін академиялық білім беру маңызды.
Таңшолпан Шріпбай, 3 курс студенті:
-Осындай ірі тұлғалармен кездесу арқылы, режисерлік жағынан, сценарий жазу жағынан соның барлығына өзімізге шеберлігімізді шыңдауға көп септігін тигізеді деген ойдамын. Болашақта біз қазақ журналистикасына, қазақ киносына өз үлесімізді қоса аламыз деген ойдамын.
Кездесу соңында ұтымды сұрақ қойып, ойлы пікір білдірген 5 студентке «Қазақ деби романы» қоғамдық бірлестігінің атынан бір реттік стипендия табысталды.
Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев