ТДМ 15 – Құрлықтағы өмір (экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау) аясында «Сирек кездесетін жне жойылып бара жатқан өсімдіктер» тақырыбында ашық дәріс өтті. — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 15 – Құрлықтағы өмір (экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау) аясында «Сирек кездесетін жне жойылып бара жатқан өсімдіктер» тақырыбында ашық дәріс өтті.

17 қазан 2025
ТДМ 15 – Құрлықтағы өмір (экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау) аясында «Сирек кездесетін жне жойылып бара жатқан өсімдіктер» тақырыбында ашық дәріс өтті.

2025 жылдың 16 қазан күні Биология жне биотехнология факультеті, Ботаника жне агроэкология кафедрасында (Зоология кабинеті №1) 8D05108 – Геоботаника білім беру бағдарламасы аясында ашық дәріс өткізілді.
Ашық дәрісті биология ғылымдарының докторы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна ағылшын тілінде оқыды.
Пн/модуль: «Сирек кездесетін жне жойылып бара жатқан өсімдіктер» (код: 75598 – Conservation of Rare and Endangered Plant Species)
Дәріс тақырыбы: «Қазақ Алтайының эндемик жне реликт өсімдіктері: қатердегі биоалуантүрлілік қазынасы»

Дәріс барысында Қазақ Алтайына тән эндемик жне реликт түрлердің таксономиялық алуандығы, эколого-географиялық таралуы, қазіргі қорғалу статусы жне оларды сақтау стратегиялары жан-жақты қарастырылды. Лектор сирек түрлердің экожүйедегі функционалдық рөлін, антропогендік жне климаттық қатерлерді нақты мысалдармен түсіндіріп, in situ жне ex situ тәсілдерін (қорықтар, ботаникалық бақтар, тұқым банктері, микроклондық көбейту) жүйелі түрде ұсынды.

Сабақ мазмұны сапалы визуалды материалдармен сүйемелденіп, интерактивті форматта өтті: тыңдаушылар сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді қатысып, мониторинг пен қалпына келтірудің практикалық амалдарын талқылады. Қатысушылар ашық дәріс материалының қолжетімді әрі тартымды берілгенін атап өтіп, өңір флорасы туралы білімін кеңейтті жне бірегей табиғи ортаны сақтаудың маңызын терең сезінді; эндемиктер мен реликттердің биологиялық ерекшеліктері жне Қазақ Алтайына тән нақты түрлер мысалдары ерекше қызығушылық туғызды.

Іс-шара докторанттардың зерттеу-талдау дағдыларын тереңдетіп, сирек өсімдіктерді қорғау мәдениетін нығайтуға бағытталды. Кафедра әріптестері мен факультет әкімшілігі ашық дәрістің ғылыми-әдістемелік деңгейін жне тыңдаушылардың белсенділігін жоғары бағалады.

 

Ботаника жне агроэкология кафедрасы