Республика күніне орай патриоттық іс-шара өтті — ҚазҰУ

91ý

Республика күніне орай патриоттық іс-шара өтті

22 қазан 2025
Республика күніне орай патриоттық іс-шара өтті

 

25 қазан – Республика күніне орай 6В05205-География БББ 2-курс студенттері мен куратор Құрбанқожа Н.Ә. іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылығын насихаттау болды. Бағдарлама барысында студенттер Қазақстан Республикасының тарихы мен жетістіктері туралы баяндама жасап, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар арқылы білімдерін сынға салды. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, барлығы мерекелік көңіл-күйде тарады. Бұл күн студенттер үшін елге деген сүйіспеншілікті күшейткен ерекше сәт болды.