Powerexpo Almaty 2025 жне Kazatomexpo 2025 көрмелері
2025 жылдың 21–23 қазан аралығында Алматы қаласында, «Атакент» КҚДС аумағында энергетика саласының басты оқиғасы — 23-ші Қазақстандық халықаралық «Энергетика, Электртехника жне Энергетикалық машина жасау» Powerexpo Almaty 2025 көрмесі өтті.
Биыл көрме 8-ші Қазақстандық халықаралық «Атомдық энергетика жне өнеркәсіп» Kazatomexpo 2025 көрмесімен қатар ұйымдастырылды. Бұл шара энергетика мен өнеркәсіп саласының болашағын айқындайтын тәжірибе алмасу жне инновациялық шешімдерді көрсетуге арналған бірегей алаң болды.
Көрме қонақтарына келесі бағыттар ұсынылды:
-
электротехникалық жабдықтар мен кабель-өткізгіш өнімдер;
-
есепке алу, бақылау жне өлшеу аспаптары;
-
өндірістік автоматтандыру жне диспетчерлендіру жүйелері;
-
энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласындағы шешімдер;
-
жасыл технологиялар жне жаңартылатын энергия көздері;
-
өндірістік жне көлік жарықтандыру жүйелері;
-
атомдық энергетика нысандарын жобалау жне салу.
Көрмеге Плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік физика кафедрасының доценттері Мұратов М.М. жне Оразбаев С.А. қатысты.