Теориялық және ядролық физика кафедрасының жоғары курс студенттерімен «Шекарасыз ғылым: Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ) қазақстандық ғалымдар» атты кездесу өтті. — ҚазҰУ

91ý

Теориялық және ядролық физика кафедрасының жоғары курс студенттерімен «Шекарасыз ғылым: Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ) қазақстандық ғалымдар» атты кездесу өтті.

23 қазан 2025
Теориялық және ядролық физика кафедрасының жоғары курс студенттерімен «Шекарасыз ғылым: Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ) қазақстандық ғалымдар» атты кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттер Қазақстан ғалымдары мен жас зерттеушілері табысты жұмыс істеп жүрген Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ, Дубна қ.) қызметімен танысты. Институт өкілдері ғылыми жобалардың бағыттары, тағылымдамалар мен ынтымақтастықтың болашағы туралы әңгімеледі.

Студенттер халықаралық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктеріне зор қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға БЯЗИ тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.