Аягөз ауданының физика жне математика пәндері бойынша олимпиадасы — ҚазҰУ

91ý

Аягөз ауданының физика жне математика пәндері бойынша олимпиадасы

21 қазан 2025
Аягөз ауданының физика жне математика пәндері бойынша олимпиадасы

2025 жылғы 17 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Оспанкүл Меңаяқұлы атындағы орта мектеп» КММ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Аягөз ауданының мектеп оқушылары арасында физика жне математика пәндерінен дәстүрлі олимпиада өтті. Олимпиада техника жне жылуфизика кафедрасының доценті Ж. Өмірбековтың құрметіне арналды.

Бұл олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жылуфизика жне техникалық физика кафедрасының қолдауымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Іс-шараны ұйымдастыруға кафедра оқытушылары Манатбаев&Բ;Р.К. жне Исатаев&Բ;М.С. белсене қатысты.

Олимпиадаға Аягөз ауданының 22 мектебінен 9-сыныптан – 19, 10-сыныптан – 12, 11-сыныптан – 15 оқушы қатысты. Жеңімпаздар марапат қағаздарымен, медальдармен жне ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, университет пен аймақ мектептері арасындағы табысты серіктестіктің тағы бір дәлелі болды. Олимпиада оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім беру» жне 17-мақсаты «Тұрақты дамудағы әріптестік» бағыттарын жүзеге асыруға өз үлесін қосады.