Марат Барманқұлов зертханасы қарқынды жұмыс істеп жатыр.
ТДМ-17 Биыл профессор Марат Барманқұловтың дүниеден озғанына 25 жыл. Бақытымызға орай, профессордың көзін көріп үлгерген журфак түлегіміз. 2000 жылдың 9 мамыры еді. Журфактың 1 курсын аяқтап жатқан алабұртқан "балмұздақ" кезімізбен қоштасар сәт таяған шақ. Ағарып атып келе жатқан таңмен бірге көктемнің себезгілеп жауған жауыны бір толастамай-ақ қойды. Аспан сөгіліп кетті дейтіндей-ақ күн жауды. Жатақханадан шығып, ертеңгісін сағат сегізде сабаққа кіргеніміз сол еді, деканаттан қаралы хабар естідік. Ұлағатты ұстазымыз Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың өмір сағаты тоқтапты. Жеңіс күні мерекесіндегі бұл хабарды абыройы биік журфак ардагерінің ажал алдындағы жеңіліс күні ретінде қабылдағанбыз сонда. Табиғат та жылап тұрды, біз де.
Арада ширек ғасыр содан бері зуылдап өте шығыпты. Кеше ұлағатты журфак ұстазының атындағы телестудияны лента қиып аштық. Дәлірегін айтсақ, телестудия бұрыннан бар ғой. Тек соңғы рет 2009 жылы ғана жабдықталып, жөндеу көріпті. Арада 16 өтті, техника ескіріп, телестудия тозыңқырап тұрған жайы бар еді. Былтыр қызметке келгенімізде осы мәселені күн тәртібіне төтесінен қойып, басшылықтан қолдау таптық. Өзіміз әрі телевизияшы қауымнан екеніміз тағы да рас.
Курстасымыз Динара Сатжанға бір ауыз осы туралы айтып ек. Ол «Медиа Альянстағы» әріптестерін мәселеден құлағдар етті. Атқарушы директоры бастаған демеуімен телестудияны жөндеуден өткізіп, су жаңа техникамен жарақтандырдық содан. Телестудияға кеп арнайы қолдаған журфак түлегі, медиа менеджер қа, "Атамекен бизнес" телеарнасы директоры ға да зор алғыс.
Іс-шараға арнайы кеп қолдау білдірген Ләззат Қожахмет, бастаған Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубы мүшелеріне зор алғыс білдіреміз.
Ашылу рәсіміне ұстазымыз Намазалы Омашұлы, Сағымбай Қабашұлы, , , , , бастаған факультетіміздің ардагер ұстаздары, Фараби университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры , білім алушылар, марқұмның қызы Алуа Барманкулова, журфак түлегі, ҚР Парламенті Сенатының депутатытары , , «Алатау ақпарат» медиа холдингі директоры , «Алатау телеарнасы директоры , атқарушы директоры Маржан Ельшибаева , белгілі пиар менеджері Ербол Азанбек, , , докторанттарымыз , келді. Телестудия құжаттарын реттеуде факультетіміздің түлектер қауымдастығы төрайымы ханымның еңбегі зор. Телестудия дизайны мен техникасын алуға докторантымыз көп еңбек сіңірді. Телестудия ашылғаны сол "Алатау" телеарнасымен бірлесіп Ai ғылым жобасын түсіруді бастап кеттік. Жүргізуші журфактың 4-курс білім алушысы .
Профессор Марат Барманқұлов биыл тірі болса 88 жасқа келер еді. Өзі жоқ болса да артында қалған мұрасы жасап жатыр. Өз атындағы телестудия бар, оның сыртында филология ғылымдарының кандидаты жетекшілік ететін Марат Барманқұлов зертханасы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын телевизиялық журналистика теориясының негізін қалаған ғалым құрметіне факультетте Барманқұлов оқулары өтеді. Ғалымның хаты өлмейді деген осы.
Photo by Дәурен Мақсұтқанұлы.
Басқа жаңалықтар