🌎 «Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол! 💚 — ҚазҰУ

91ý

🌎 «Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол! 💚

25 қыркүйек 2025
🌎 «Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол! 💚

25.09.2025 ж. күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің 1-курс ҚТ-108 тобының студенттері, кураторы Еркеназ Базартайқызының&Բ;жетекшілігімен, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді. 🌿

📍 Іс-шараның басты мақсаты — жастардың табиғатқа жанашырлық танытуын, экологиялық мәдениетін жне жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ таза әрі жайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосу болды.

🧹 Студенттер аумақты тазалап, жиналған жапырақтар мен қоқыстарды сұрыптап, экологиялық сенбіліктің маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Мұндай игі бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін, ұжымдық жауапкершілігін жне табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

✨ «Таза Қазақстан» акциясы — бұл тек тазалық шарасы ғана емес, экологиялық мәдениет пен әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Мұндай іс-шаралар студенттерді қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, экологиялық тұрақтылық идеясын өмір салтына айналдыруға шабыттандырады.

Бірге таза Қазақстанды құрайық! 💚

"Мемлекет жне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жне әкімшілік құқық" кафедрасы