Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: Еге университетіндегі Азияның қайта өрлеуі симпозиумы — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: Еге университетіндегі Азияның қайта өрлеуі симпозиумы

27 қазан 2025
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: Еге университетіндегі Азияның қайта өрлеуі симпозиумы

23–24 қазан аралығында «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Даулиева Ғ.Р. және PhD, аға оқытушы Мынжанова Г.Т. Түркияның Измир қаласындағы Еге университетінде өткен II INTERNATIONAL SYMPOSIUM ON ASIAN RENAISSANCE “Cooperation, Competition, Integration in Economics and International Relations” атты халықаралық симпозиум жұмысына қатысты.

Іс-шара барысында AP23489032 «Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу» гранттық жобасы аясында баяндама жасалып, зерттеудің екінші кезеңінің нәтижелері талқыланды.