- Басты бет
- Жаңалықтар
- Республикалық ғылыми жобалар конкурсының II кезеңі – желілік офлайн туры басталды. ТДМ 4
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының II кезеңі – желілік офлайн туры басталды. ТДМ 4
28 қазан 2025
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамалары еліміздің білім беру жүйесінің дамуына, дарынды оқушыларды қолдауға және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда.
2025 жылғы 13–16 қазан аралығында республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды.
Ал 28 қазаннан бастап конкурстың II туры – желілік кезеңінің офлайн кезеңі өтуде.
Аталған конкурсты өткізу барысында Физика секциясы бойынша қазылар алқасының құрамына Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы Байсеитов Қасымхан Мұхтарұлы шақырылды.