«Денсаулық сақтау саласындағы еңбек болашағы» — ҚазҰУ

91ý

«Денсаулық сақтау саласындағы еңбек болашағы»

27 қазан 2025
«Денсаулық сақтау саласындағы еңбек болашағы»

2025 жылғы 27 қазанда Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 1 – Кедейлікті жою) аясында «Денсаулық сақтау саласындағы еңбек болашағы» тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 1-курс докторанттары, «Мейіргер ісі» мамандығының 2-курс докторанты және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Талқылау барысында денсаулық сақтау саласындағы еңбекке қатысты өзекті мәселелер, денсаулық сақтауды дамытудағы мемлекеттің рөлі қарастырылып, кәсіби дамудағы инновациялар мен цифрландыруға ерекше назар аударылды.