«Тарихы терең, болашағы нұрлы ғажайып ел!» тақырыбында ашық кураторлық сағат — ҚазҰУ

91ý

«Тарихы терең, болашағы нұрлы ғажайып ел!» тақырыбында ашық кураторлық сағат

27 қазан 2025
«Тарихы терең, болашағы нұрлы ғажайып ел!» тақырыбында ашық кураторлық сағат

Республика күніне орай 24 қазан күні сағат 14:00-де 215-аудиторияда «Тарихы терең, болашағы нұрлы ғажайып ел!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараны экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, 2 және 3 курс студенттерінің кураторы Алиева Б.М. ұйымдастырды.

Бұл мерекелік шара Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің деңгейінде ұйымдастырылып, Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім беру» және 8-мақсаты «Лайықты еңбек пен экономикалық өсу» аясында өткізілді.

25 қазан – Республика күні – еліміз үшін ерекше мәнге ие мереке. Дәл осы күні, 1990 жылы, елдің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздігінің негізін қалаған тарихи шешім болды. Республика күні – азаматтық келісім мен ұлттық бірліктің, елдің бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі. Қазақстанның басты тірегі – бірлік пен келісім.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Ермекова Ж.Ж., «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Сартова Р.Б., сондай-ақ сабақтан бос факультет оқытушылары қатысты.