ҚазҰУ Жоғары білім қызметкерлері күнін атап өтті. — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ Жоғары білім қызметкерлері күнін атап өтті.

1 қазан 2025
ҚазҰУ Жоғары білім қызметкерлері күнін атап өтті.

1 қазан — Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде арнайы мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл күн факультет ұжымдары үшін ерекше маңызға ие болып, салтанатты түрде аталып өтті.

Атаулы мереке жоғары оқу орындары қызметкерлерінің қоғамдағы беделін арттыруға, сондай-ақ профессор-оқытушылар мен ғалымдардың академиялық орта қалыптастырудағы және ғылымды дамытудағы маңызды рөлін айқындауға бағытталған.

Бұл күн – жастарды тәрбиелеуге, ғылымды ілгерілетуге және елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға өмірін арнаған ұстаздар мен ғалымдарға деген зор құрметтің көрінісі болып табылады.