- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Мұнай инженерлері қоғамы (SPE) жне «Скауттар» жастар қозғалысының таныстырылымы өтті ТДМ 4 жне ТДМ 17
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Мұнай инженерлері қоғамы (SPE) жне «Скауттар» жастар қозғалысының таныстырылымы өтті ТДМ 4 жне ТДМ 17
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Мұнай инженерлері қоғамы (Society of Petroleum Engineers — SPE) жне «Скауттар» жастар қозғалысының таныстырылымы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — инженерлік мамандықтарды насихаттау, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту жне олардың азаматтық белсенділігін арттыру болды.
SPE — бұл пайда көздемейтін халықаралық кәсіби қауымдастық, ол әлемнің 145 елінен 127 000-нан астам мұнай жне газ барлау, өндіру жне өңдеу саласында жұмыс істейтін мамандарды біріктіреді. Ұйым кәсіби тәжірибе алмасуға, халықаралық конференциялар мен конкурстарға қатысуға, үздік техникалық басылымдарда жариялануға мүмкіндік береді. SPE-нің аймақтық кеңселері Хьюстон, Калгари, Даллас, Дубай жне Куала-Лумпур қалаларында орналасқан.
Іс-шараның екінші бөлімінде «Скауттар» жастар қозғалысының қызметі таныстырылды. Бұл қозғалыстың басты мақсаты — жастар арасында жауапкершілік сезімін, көшбасшылық қасиеттерді, экологиялық мәдениетті жне командамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс еріктілік, әлеуметтік белсенділік жне тұрақты даму қағидаттарына негізделген жобаларды жүзеге асырады.
Кездесу барысында ұйым өкілдері студенттерге SPE халықаралық бағдарламалары мен гранттарына қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ «Скауттар» қозғалысының еріктілік жне экологиялық бастамаларын таныстырды.
Мұндай іс-шаралар Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» жне 17-мақсаты – «Тұрақты даму үшін серіктестік» қағидаттарын жүзеге асыруға үлес қосады. Бұл бағыт университет, кәсіби қауымдастықтар жне жастар ұйымдарының күш-жігерін біріктіріп, инновациялық жне жаһандық бағыттағы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Факультет ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, инженерия, энергетика жне тұрақты даму салаларындағы халықаралық кәсіби жне жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар