«Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдама
Мереке Алимжанова «Болашақ» бағдарламасы аясында Испанияның Вальядолид университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика жне техникалық физика кафедрасының оқытушысы Мереке Алимжанова 2025 жылғы 10 қаңтар мен 31 қазан аралығында Испанияның Вальядолид университетінде (University of Valladolid) «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан сәтті өтті. Тағылымдама Тұрақты процестер институтында (Institute of Sustainable Processes) Dr. Rebeca López Serna жетекшілігімен өтіп, заманауи талдау әдістері мен экологиялық зерттеулерді дамытуға арналды.
Кафедра ұжымы Мереке Алимжановамен мақтанады жне оның жұмысы Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) №4 – «Сапалы білім беру», №9 – «Индустрия, инновациялар жне инфрақұрылым», №13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» бағыттарымен үндес екенін атап өтеді.
Кафедра атынан ҚР ылым жне жоғары білім министрлігіне, «Болашақ» бағдарламасына жне Вальядолид университетіне көрсеткен қолдауы мен ғылыми ынтымақтастық үшін зор алғыс білдіреміз. Бұл тағылымдама жас ғалымдардың кәсіби жне зерттеу әлеуетін кеңейтуге маңызды үлес қосты.
Басқа жаңалықтар