ылыми тағылымдама – ТДМ 4 Сапалы білім жне ТДМ 17 Халықаралық ынтымақтастық — ҚазҰУ

91ý

ылыми тағылымдама – ТДМ 4 Сапалы білім жне ТДМ 17 Халықаралық ынтымақтастық

20 қазан 2025
ылыми тағылымдама – ТДМ 4 Сапалы білім жне ТДМ 17 Халықаралық ынтымақтастық

Плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік физика кафедрасының 3-курс докторанты Әбдрахманов Азамат Еркінұлы 2025 жылғы 16 тамыз бен 17 қазан аралығында Киото технологиялық институтында (Киото қ., Жапония) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың басты мақсаты – докторанттың диссертациялық зерттеуі аясында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, жне бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болды.

Тағылымдама барысында Азамат Еркінұлы таза бөлме (clean room) зертханасында XPS (X-ray Photoelectron Spectroscopy) анализ жүргізді. Бұл әдіс үлгілердің элементтік құрамын, химиялық байланыс күйін жне беттік құрылымын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Алынған тәжірибе докторанттың ғылыми даярлығын тереңдетіп, диссертациялық жұмыстың сапасын арттыруға жне ғылыми мақалалар дайындауға үлес қосты.

Сонымен қатар, тағылымдама шеңберінде докторант халықаралық зерттеушілермен кәсіби байланыстар орнатып, семинарлар мен зерттеу топтарының жиналыстарына қатысып, академиялық тәжірибе жинақтады. Бұл іс-шара ТДМ 4 – Сапалы білім жне ТДМ 17 – Халықаралық ынтымақтастық мақсаттарына сәйкес докторанттың академиялық әлеуетін арттыруға жне кафедраның халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік берді.

Плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік физика кафедрасы болашақта да әлемдік деңгейдегі университеттермен әріптестікті дамытуды жалғастырады.