GEC 2025 халықаралық конференциясы – ТДМ 4 жне ТДМ 17 — ҚазҰУ

91ý

GEC 2025 халықаралық конференциясы – ТДМ 4 жне ТДМ 17

25 қазан 2025
GEC 2025 халықаралық конференциясы – ТДМ 4 жне ТДМ 17

Плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік физика кафедрасы «8D07112 – Наноматериалдар жне нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Әбдрахманов Азамат Еркінұлының 2025 жылғы GEC 2025 халықаралық конференциясына (Сеул қ., Оңтүстік Корея) қатысқанын хабарлайды.

Конференцияның басты мақсаты – әлемдік деңгейдегі ғалымдармен тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми жетістіктерді танысу, бірлескен зерттеу мүмкіндіктерін қарастыру жне халықаралық ғылыми байланыстарды дамыту болып табылады. Азамат Еркінұлы конференцияға қатысу барысында өзінің зерттеу нәтижелерін таныстырып, халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатты жне ғылыми пікірталастарға қатысты.

Бұл іс-шара докторантқа өзінің ғылыми бағыты бойынша сапалы білім алу (ТДМ 4) жне халықаралық ынтымақтастық (ТДМ 17) тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, конференцияда алынған тәжірибе кафедрадағы зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға жне болашақ ғылыми жарияланымдар дайындауға үлес қосты.