Білім туралы құжаттарды нострификациялау
Нострификация — Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік білім туралы құжатты тану рәсімі. Қызмет шетелдік оқу орындарында білім алған және Қазақстанда оқуды жалғастырғысы немесе жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға арналған. Нострификация нәтижелері бойынша шетелдік дипломның қазақстандық дипломға баламалылығын растайтын куәлік беріледі.