Білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындау
Мемлекеттік білім беру тапсырысы — мемлекеттің жоғары білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауды қаржыландыруы. Гранттар ҰБТ немесе КТА нәтижелері бойынша конкурстық негізде ең табысты түлектерге беріледі. Грант иесі сессияларды сәтті тапсыру шартымен бүкіл даярлық кезеңінде оқу ақысынан босатылады.