Көркем аудармадағы стратегияларға арналған ғылыми семинар қытайтану кафедрасында өтті. — ҚазҰУ

91ý

Көркем аудармадағы стратегияларға арналған ғылыми семинар қытайтану кафедрасында өтті.

21 қараша 2025
Көркем аудармадағы стратегияларға арналған ғылыми семинар қытайтану кафедрасында өтті.

Қазіргі әдебиеттану мен аударматану саласында көркем мәтіндегі ұлттық-мәдени мағынаны дәл жеткізу маңызды зерттеу бағытының біріне айналып отыр. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, 2025 жылдың 20 қарашасы күні қытайтану кафедрасының 8D02301- Аударма ісі (шығыс тілдері)  мамандығының 2 курс докторанты Гүлмира Катбаева «Көркем аударма стратегиялары» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы ұлттық-мәдени бірліктердің өзге тілге дәл берілуі, тілдік баламаларды таңдаудағы күрделі тұстар, мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын мәселелер, аудармашының қолданатын әдіс-тәсілдері және қазақ әдебиетін халықаралық аренада танытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Семинарға белсенді қатысып, құнды ой-пікірлерімен бөліскен барлық ғалымдарға, сарапшыларға және қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.