PhD дәрежесін алу үшін қорғау өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының докторанты Аубакирова Гаухар Болатовна «8D01505 – География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғады.
Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Қазақстан мектептерінде географиялық олимпиадаларға дайындалу үшін жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу».

Осы айтулы жетістікпен Гаухар Болатовнаны, ғылыми жетекшісі PhD, ассистент-профессор Айсулу Мусаевнаны және шетелдік ғылыми кеңесші PhD, профессор Hilmi Demrikaya (Анталья, Түркия) шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа ғылыми белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Басқа жаңалықтар