«ZhasTour» командасы олимпиада жүлдегері атанды — ҚазҰУ

91ý

«ZhasTour» командасы олимпиада жүлдегері атанды

22 қараша 2025
«ZhasTour» командасы олимпиада жүлдегері атанды

19-22 қарашада Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Туризм мектебінің ұйымдастыруымен туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша VIII халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың бірінші күнінде шығармашылық жне теориялық кезеңдер өтті: жоба қорғау, бейнеролик байқауы, сондай-ақ спорттық бағдарлау жарысы ұйымдастырылды. Екінші күні қатысушылардың кәсіби дағдыларын бағалайтын байламдар сайысы өткізілді. Үшінші күні командалардың техникасы мен төзімділігін анықтайтын командалық қашықтық жарысы өтті. 

Олимпиада қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география жне туризм кафедрасының студенттері, «ZhasTour» командасының мүшелері:

  •  Қажығали Мейрамбек – капитан,
  • Паримбай Мейірхан,
  •  Сапарбек Бақдәулет,
  • Нуркапарова Нурай,
  • Төлеген Әли

келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  •  Бейнеролик бойынша – II орын
  •  Жоба қорғау бойынша – III орын
  • Спорттық бағдарлау сайысында Төлеген Әли – II орын
  • Командалық қашықтықта – III орын
  • Жалпы командалық есепте – III орын.

Топ жетекшісіРекреациялық география жне туризм кафедрасының аға оқытушысы - Бейсахмет Азамат Алматұлы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қолдау көрсетіп, білімімізді шыңдауға мүмкіндік бергені үшін кафедра оқытушылары мен университет басшылығына алғыс білдіреміз!