Экофорум жеңімпаздары марапатталды — ҚазҰУ

91ý

Экофорум жеңімпаздары марапатталды

25 қараша 2025
Экофорум жеңімпаздары марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Farabi GreenCampus: таза университет» экологиялық жастар форумы өтті.

Форум университеттің бес факультетінің белсенді студенттерін экологиялық бастамаларды бірлесе дамытуға жұмылдырды.
Шараның мақсаты – жасанды интеллектті экологиялық бастамалармен ұштастыра отырып «жасыл» идеяларды ілгерілету, жастардың жобалық жұмыстарға қатысу белсенділігін арттыру жне экологиялық тұрақты кампус моделін қалыптастыру.

Бірінші кезең факультеттер бойынша іріктеу форматында өтті. Қатысушылар өз стартап жобаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жне практикалық экологиялық бастамаларын таныстырды. Жеңімпаздар бейнепрезентациялар нәтижесі бойынша анықталды.

География жне табиғатты пайдалану факультеті бойынша I орынды «EcoMap Campus» жобасының авторы, 1-курс докторанты Ұлан Мұхтаров иеленді.

Химия жне химиялық технология факультетінде I орын «Қайта өңделген қағаз қалдықтарынан алынған КМЦ негізіндегі биологиялық ыдырайтын полимерлі үлдірлер» жобасына берілді. Авторы – 2-курс студенті Ілияс Әмірәлі.

Биология жне биотехнология факультетінде «Аралау: тозаңдатушыларды қолдау жне сақтау үшін кампусты экологиялық көгалдандыру» атты жоба үздік деп танылды. Авторлары: 3-курс докторанты Ислам Ғалымжанов, 3-курс студенті Сымбат Жанбасбаева жне 2-курс магистранты Руслан Нұрханов.

Ақпараттық технологиялар жне жасанды интеллект факультетінде I орын 4-курс студенті Нұрдәулет Измайловтың «SmartEcoBox» жобасына берілді.

Физика-техникалық факультетінде I орынды 4-курс студенті Айболат Сембиевтің «Eco-Campus» жобасы жеңіп алды.

«ЖИ жне жасыл болашақ» стартап-конкурсына экология, цифрлық технологиялар жне ЖИ саласын тоғыстырған 12 команда қатысты. Қатысушылар университет аумағының экологиялық мониторингі, қалдықтарды басқару, ресурстарды тиімді пайдалану жне жасанды интеллектті экологиялық процестерде қолдану сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

«ЖИ жне жасыл болашақ» видеоролик байқауына 31 білім алушысы қатысып, экология, цифрлық мәдениет, жасанды интеллект жне университеттің жасыл инфрақұрылымын дамытуға арналған авторлық видеороликтерін ұсынды. 1-орынды  Прокудин Даниил жне Әбдімәлік Амантай жеңіп алды.

Форум жеңімпаздарын ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың атынан Басқарма мүшесі –әлеуметтік даму жөніндегі проректор Бақытжан Омаров салтанатты түрде марапаттады.

Жиын барысында факультеттер бойынша жүлдегер атанған 30-дан астам студенттік жоба авторлары атап өтілді. Биылғы форумға ұсынылған жұмыстар жоғары деңгейдегі пәнаралық көзқарасты, инновациялық ойлауды жне айқын экологиялық бағдарды көрсетті. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі