География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті — ҚазҰУ

91ý

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті

3 желтоқсан 2025
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті

02.12.2025 оқу орнымызда жаңа қабылданған студенттерге арналған салтанатты кеш өтті. Шараның мақсаты – бірінші курс студенттерін оқу ордасының дәстүрлерімен таныстыру, олардың арасында достық қарым-қатынас орнату және оқу жылына ерекше серпін беру болды.


Кеш барысында университет басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тілеп, білім жолындағы үлкен мүмкіндіктерді пайдалана білуге шақырды.

Сонымен қатар шығармашылық клубтар мен ұйымдар өз өнерлерін көрсетіп, кештің атмосферасын одан әрі ерекше етті.