- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Оқытылатын шет (шығыс) тілінің іскерлік курсы» пәні бойынша педагогикалық практика үдерісіндегі ашық сабақ
«Оқытылатын шет (шығыс) тілінің іскерлік курсы» пәні бойынша педагогикалық практика үдерісіндегі ашық сабақ
2025 жылғы 6 қазан – 13 желтоқсан аралығындағы педагогикалық практика аясында 3 желтоқсан күні Шығыстану факультеті, Түріктану жне Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 1 курс докторанты Оңғар Аяулым Жарасқызы «Оқытылатын шет (шығыс) тілінің іскерлік курсы» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Pazarlama ve reklam dilinde Türkçe». Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің түрік тіліндегі іскерлік кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жне терминдерді қолдану.
Сабақ барысында студенттермен келесі оқу әрекеттері ұйымдастырылды: тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу жне лексикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс, мазмұнын түсіну жне талдау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы белсенді сөйлеу әрекетін дамыту. Берілген жағдаяттар негізінде диалог құрастыру. Оқу үдерісін жандандыру мақсатында ойын технологиялары қолданылды.

Ойын әдісі бойынша студенттерге үш түрлі зат ұсынылды моторикалық ойыншық, шашқа арналған май жне кальций дәрумендері. Әр топ осы тауарлардың бірін таңдап, түрік тілінде оның сату жарнамасын жасады. Бұл тапсырма студенттердің кәсіби тілдік дағдыларын, маркетингтік ойлауын жне коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

Сабақ соңында Түріктану жне Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі Халел Акнур, Түріктану жне Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының Профессоры м.а. (доцент) Дулаева Эльнара жне Түріктану жне Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 1 курс докторанты Сулейкулова Нурсулу қатысып, сабақтың өту барысына қатысты пікірлерін білдірді. Қатысушылар сабақтың құрылымын, әдістемелік шешімдердің тиімділігін, студенттердің белсенділігін жне алынған нәтижелерді оң бағалады.
Дулаева Эльнара
Басқа жаңалықтар