«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБА БАЙҚАУЫ — ҚазҰУ

91ý

«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБА БАЙҚАУЫ

4 желтоқсан 2025
«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ  	ЖОБА БАЙҚАУЫ

2025 жылдың 26-29 қараша күндері Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен Алмалы ауданында №216 жоғары білім беру мектебінде «Зерде» республикалық зерттеу жоба байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – дарынды оқушылардың ғылыми жобаларын бағалап, жеңімпаздарды анықтап, оларды марапаттау. Жоғары орынды иеленген оқушыларды Қалалық ғылыми жоба байқауына қатысуға жолдама беру.

 Осы ғылыми жобаны қорғау жұмыстарына қазылар алқасында қазылық жасаған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессор м.а., ф.ғ.к. Ш.Ә. Рамазанова қазақ тілі мен әдебиеті пәндік секциясы бойынша оқушылардың ғылыми жұмыстарын тыңдап, әділ бағалап, бағыт-бағдар берді. ылыми жұмысты жоғары деңгейде қорғаған оқушыларға сәттілік тіледік.

 Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығына шығармашылық табыс тілейміз!